Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Сарапшы мамандар

10 ұсыныс:
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.Удаленный доступ (Remote access)Қашықтан басқару
2.Несанкционированный доступ (Unauthorized access)Рұқсатсыз кіру
3.Сисадминжүйелік әкімші
4.СпаммерСпамшы
5.Компоновщик (Linker)1. Компоновщик – құрастырушы/біріктіруші; 2. Linker – Дәнекер
6.Движок искусственного интеллекта (Artificial intelligence engine)Жасанды зият қозғауышы
7.Здравомыслящий искусственный интеллект (Artificial Intelligence of the Commonsense knowledge)Парасатты жасанды зият
8.Носитель данных (Storage medium)Дерек тасымалдағыш
9.Хаб (Hub)1. Торап; 2. Күпшек
10.Корневой каталог (Root directory)Бас каталог / бас тізім / ілкі тізім
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

ТЕК ТЕРМИНКОМ МҮШЕЛЕРІ ҒАНА ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ! Республикалық терминология комиссиясының 2024 жылғы 2-отырысында бекітілетін терминдері (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

САЛАСЫ ТЕРМИН САНЫ РЕТТІК САНЫ
1 ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ұсынған терминдер 274 1-274
2 ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұсынған терминдер 35 275-309
3 Экономика, қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау салаларында қолданылатын терминдер 9 310-318
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.абляция ледникамұздықтың семуі
абляция ледника
мұздықтың семуі
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Мұздықтың семуі – еру және булану нәтижесінде мұздықтың немесе қар жамылғысы массасының төмендеуі.
2. Этимологиясы: лат. ablatio – алып тастау, кему, жою
3. Өзбек: muzlik ablasyonu
4. Түрік: buzul ablasyonu
5. Ағылшын: glacier ablation
6. Неміс: gletscherablation
7. Бекітілген нұсқасы: ледник - мұздық (2005), бассейн ледника - мұздық алабы (2022), истeканиe зeрна - дәннің семуі (2022)
8. Заңнамадағы қолданысы: –
9. Ұсыныстар: бекітілген терминдерді ескере отырып, "мұздықтың семуі" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+5
2.аварийная работаавариялық жұмыс
аварийная работа
авариялық жұмыс
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авариялық жұмыс – авариялардың алдын алу немесе олардың зардаптарын жою үшін қажетті алдын ала болжанбаған шұғыл жұмыс түрі.
2. Этимологиясы: авария (итальян.avaria, франц. avarie) - "зақым".
3. Өзбек: –
4. Түрік: afet çalışması
5. Ағылшын: emergency operation
6. Неміс: Katastropheneinsatz
7. Бекітілген нұсқасы: вероятные аварии - ықтимал авариялар (2022), аварийный ремонт - авариялық жөндеу (2022)
8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 727 қаулысы.
...Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары ...
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 274 Жарлығы. Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары.
9. Ұсыныстар: заңнама құжаттарында "авариялық жұмыстар" термин тіркесі кездеспеді. Бекітілген терминдерді, басқа тілдегі аудармасын ескере отырып, "авариялық жұмыстар" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+7
3.аварийная средаавариялық орта
аварийная среда
авариялық орта
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авариялық орта – ТЖ аймағындағы объектілерге деструктивті күштердің (факторлардың) әсерінен пайда болған орта, апат немесе басқа да төтенше жағдай салдарынан адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға немесе мүлікке қауіп төнген жағдай.
2. Этимологиясы: авария (итальян.avaria, франц. avarie) - "зақым".
3. Өзбек: favqulodda muhit
4. Түрік: acil durum ortamı
5. Ағылшын: emergency environment
6. Неміс: notfall-Umgebung
7. Бекітілген нұсқасы: авария экологическая - экологиялық авария (2022), нейтральная среда - бейтарап орта (2023)
8. Заңнамадағы қолданысы: –
9. Ұсыныстар: "авариялық орта" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+7
4.аварийный взрывавариялық жарылыс
аварийный взрыв
авариялық жарылыс
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авариялық жарылыс – өндіріс технологиясының бұзылуы, қызмет көрсету персоналының қателіктері немесе жобалау кезінде жіберілген қателіктер нәтижесінде пайда болған жарылыс.
2. Этимологиясы: авария (итальян.avaria, франц. avarie) – "зақым".
3. Өзбек: –
4. Түрік: acil patlama
5. Ағылшын: emergency explosion
6. Неміс: notexplosion
7. Бекітілген нұсқасы: авария - авария (2015)
8. Заңнамадағы қолданысы: –
9. Ұсыныстар: "авариялық жарылыс" нұсқасы ұсынылады
Рейтинг
+7
5.аварийный выбросавариялық шығарынды
аварийный выброс
авариялық шығарынды
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авариялық шығарынды – техникалық жүйелердегі, тазарту қондырғыларындағы және т. б. авария нәтижесінде қоршаған ортаға (су, топырақ, атмосфера) ластаушы заттардың байқаусызда шығарылуы.
2. Этимологиясы: итал. avaria не франц. avarie - "зақым"
3. Өзбек: favqulodda chiqish
4. Түрік: acil vaka emisyon
5. Ағылшын: emergency emission
6. Неміс: notfall-Emission
7. Бекітілген нұсқасы: выброс - шығарынды (2021)
8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 қарашадағы № 998 қаулысы ..ластағыш заттардың шығарындылары...
9. Ұсыныстар: "авариялық шығарынды" нұсқасын ұсынамыз.
Рейтинг
+7
6.аварийный выходавариялық шығу, авариялық шығужол
аварийный выход
авариялық шығу, авариялық шығужол
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авариялық шығу – эвакуация жолына, тікелей сыртқа немесе қауіпсіз аймаққа апаратын есік, люк немесе басқа шығу жолы.
2. Этимологиясы: "авария" итал. avaria, франц. avarie - "зақым"
3. Өзбек: favqulodda chiqish
4. Түрік: acil çıkış
5. Ағылшын: emergency exit
6. Неміс: notausgang
7. Бекітілген нұсқасы: аварийный выход - авариялық шығар жер (2016)
8. Заңнамадағы қолданысы: Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 ақпандағы №243/2 қаулысы. ... автобустан авариялық шығулардың және оларды қимылға келтiретiн құрылғылардың ...
9. Ұсыныстар: өзбек, түрік тіліндегі аудармаларын басшылыққа ала отырып, "авариялық шығужол", яғни "шығужолды" біріктіріп термин ретінде ұсынуға болады.
Рейтинг
+4
7.аварийный сертификатавариялық сертификат, авария сертификаты
аварийный сертификат
авариялық сертификат, авария сертификаты
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авариялық сертификат - сақтандырылған мүлікте келтірілген залалдың сипатын, мөлшерін және себептерін растайтын құжат.
2. Этимологиясы: авария (итальян. avaria, франц. avarie) - "зақым"; сертификат (ортағасырлық лат. certifico, франц. sertificat) - "куәландыру".
3. Өзбек: favqulodda vaziyatlar sertifikati
4. Түрік: acil durum sertifikası
5. Ағылшын: emergency certificate
6. Неміс: notfallzertifikat
7. Бекітілген нұсқасы: сертификат - сертификат (2016), корневой сертификат - түбір сертификат (2023)
8. Заңнамадағы қолданысы: –
9. Ұсыныстар: "авариялық сертификат" калька аударма болғандықтан, "авария сертификаты" терминін ұсынамыз.
Рейтинг
+4
8.авария и ее последствияавария және оның салдары
авария и ее последствия
авария және оның салдары
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авария және оның салдары - қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын құрылыстарды және (немесе) техникалық құрылғыларды бұзу, жабдықтардың немесе механизмдердің күтпеген жерден істен шығуы, одан әрі жұмыс істеуі мүмкін болмайтын ғимараттарды немесе инфрақұрылымды бұзу.
2. Этимологиясы: "авария" итал. avaria, франц. avarie - "зақым"
3. Өзбек: baxtsiz hodisa va uning oqibatlari
4. Түрік: kaza ve sonuçları
5. Ағылшын: accident and its consequences
6. Неміс: der Unfall und seine Folgen
7. Бекітілген нұсқасы: следствие - салдар (2021)
8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 622 қаулысы. "Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан ...
9. Ұсыныстар: "авария және оның салдары" терминдік мәнге ие емес сөз тіркесі болғандықтан, күн тәртібінен алынып тастау керек.
Рейтинг
+6
9.авария морского (речного) объектатеңіз (өзен) объектісінің авариясы
авария морского (речного) объекта
теңіз (өзен) объектісінің авариясы
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Теңіз (өзен) объектісінің авариясы - теңіз (өзен) объектісінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін, теңіз (өзен) объектісі корпусының немесе оның жабдықтарының зақымдалуына, теңіз жарамдылығының жоғалуына не жағалау құрылысының теңіз (өзен) объектісінің зақымдануына және қоршаған ортаның ластануына әкеп соғатын қауіпті оқиға.
2. Этимологиясы: объект (лат.objectum) - "алға лақтыру","қарсы алу".
3. Өзбек: dengiz (Daryo) ob'ektining avariyasi
4. Түрік: deniz (nehir) nesnesinin kazası
5. Ағылшын: accident of a marine (river) facility
6. Неміс: unfall eines Meeres- (Fluss-) Objekts
7. Бекітілген нұсқасы: морская вода - теңіз суы (2023), объект - нысан (әдеб.) (2003), информационный объект - ақпараттық объект (2023)
8. Заңнамадағы қолданысы: –
9. Ұсыныстар: басқа тілдердегі аударманы басшылыққа ала отырып, "теңіз (өзен) объектісінің авариясы" нұсқасын қолдаймыз.
Рейтинг
+4
10.авария на АЭСАЭС-тағы авария
авария на АЭС
АЭС-тағы авария
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. АЭС-тағы авария – радиоактивті заттардың шығарылуына әкелуі мүмкін, адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ қоршаған ортаға қауіп төндіретін атом электр станциясындағы авария.
2. Этимологиясы: атом (грек. ἄτομος) - "бөлінбейтін, кесілмейтін"; электр (грек. λλεκτρον, 'электрон') - "кәріптас"; станция (поляк. stancja) - "тұру; келу орны"; авария (итальян. avaria, франц. avarie) - "зақым".
3. Өзбек: atom elektr stantsiyasida avariya
4. Түрік: nükleer santral kazası
5. Ағылшын: accident at a nuclear power plant
6. Неміс: unfall in einem Atomkraftwerk
7. Бекітілген нұсқасы: атомная электростанция (АЭС) - атом электр стансасы (АЭС) (2023)
8. Заңнамадағы қолданысы: –
9. Ұсыныстар: "АЭС-тағы авария" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+5
11.авария на магистральном трубопроводемагистральды құбырдағы авария, магистрал құбырдағы авария
авария на магистральном трубопроводе
магистральды құбырдағы авария, магистрал құбырдағы авария
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Магистральды құбырдағы авария - техногендік төтенше жағдайдың туындауына әкеп соғатын химиялық немесе өрт-жарылыс қауіпті заттардың жоғары қысыммен шығарылуымен және төгілуімен байланысты құбырдағы авария.
2. Этимологиясы: магистраль (нем. Magistrale; лат. magistralis) - "үлкен", "негізгі".
3. Өзбек: magistral quvurda avariya
4. Түрік: ana boru hattında kaza
5. Ағылшын: accident on the main pipeline
6. Неміс: unfall an der Hauptleitung
7. Бекітілген нұсқасы: магистраль - магистраль (2018), магистральный трубопровод - магистралдық құбыржелі (2020)
8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1202 қаулысы. ... Магистральдық мұнай құбырлары...
9. Ұсыныстар: "магистральды құбырдағы авария" терминін қазақ тілі заңдылығына сәйкес "магистрал құбырдағы авария" бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+3
12.авария на подземном сооружениижер асты құрылысындағы авария, жерасты құрылысындағы авария
авария на подземном сооружении
жер асты құрылысындағы авария, жерасты құрылысындағы авария
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Жер асты құрылысындағы авария - жерасты шахтасында, тау-кен қазбасында, жерасты қоймасында, көлік туннелінде немесе рекреациялық үңгірде құрылыстардың кенеттен толық немесе ішінара бұзылуымен байланысты, олардағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын және (немесе) материалдық залалға әкеп соқтыратын қауіпті оқиға.
2. Этимологиясы: авария (итальян.avaria, франц. avarie) - "зақым".
3. Өзбек: er osti inshootidagi avariya
4. Түрік: yeraltı yapısında kaza
5. Ағылшын: an accident at an underground facility
6. Неміс: unfall auf unterirdischer Baustelle
7. Бекітілген нұсқасы: подземные воды - жерасты суы (2022), рубеж инженерных сооружений и заграждений - инженерлік құрылыстар мен бөгеттер шебі (2022)
8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1296 Қаулысы. ... 10) жағалау жиегі - су объектісі жағалауының судың барынша көтерілуі (лық толуы) нәтижесінде пайда болатын жиегі; 11) жер асты ...
9. Ұсыныстар: "жерасты құрылысындағы авария" терминдік тіркес түрінде бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+3
13.авария на промышленных объектахөнеркәсіп объектілеріндегі авария
авария на промышленных объектах
өнеркәсіп объектілеріндегі авария
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Өнеркәсіп объектілеріндегі авария - өндірістік нысанда, техникалық жүйеде немесе өндірістік қондырғыда жұмыстың реттелген орындалуын тоқтататын кенеттен және күтпеген оқиға.
2. Этимологиясы: объект (лат.objectum) - "алға лақтыру","қарсы алу"; авария (итальян.avaria, франц. avarie) - "зақым".
3. Өзбек: sanoat ob'ektlarida avariya
4. Түрік: endüstriyel tesislerde kaza
5. Ағылшын: accident at industrial facilities
6. Неміс: unfall in Industriestandorten
7. Бекітілген нұсқасы: промышленная вода - өнеркәсіптік су (2022)
8. Заңнамадағы қолданысы: Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 75 қаулысы. ... объектілеріндегі елді мекендер шекараларының шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ...
9. Ұсыныстар: "өнеркәсіп объектілеріндегі авария" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+5
14.авиасанитарный отрядавиасанитарлық жасақ
авиасанитарный отряд
авиасанитарлық жасақ
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авиасанитарлық жасақ – санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған тактикалық міндеттерді орындауға арналған авиациялық бөлімше.
2. Этимологиясы: Авиа (латын. avis) - "құс", санитар (латын. sanitas) - "денсаулық"; отряд (орыс. отряжать) - "жасақтау, жасақ құру".
3. Өзбек: aviasanitariya otryadi
4. Түрік: hava sağlığı müfrezesi
5. Ағылшын: aviation sanitary unit
6. Неміс: luftwaffentruppe
7. Бекітілген нұсқасы: отряд пограничников - шекарашылар жасағы (2020), отряд - отряд (2020)
8. Заңнамадағы қолданысы: –
9. Ұсыныстар: жоғарыда берілген аудармаларды басшылыққа ала отырып, сондай-ақ бұрын бекітілген терминдерді ескере келе, "авиасанитарлық жасақ" нұсқасын қолдаймыз.
Рейтинг
+5
15.авиационная катастрофаавиациялық апат
авиационная катастрофа
авиациялық апат
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Авиациялық апат - адамдардың қаза болуына немесе хабар-ошарсыз кетуіне, зардап шеккендерге дене жарақатын келтіруге, кеменің және онда тасымалданатын материалдық құндылықтардың бұзылуына немесе бүлінуіне әкеп соққан әуе кемесіндегі, ұшудағы немесе эвакуациялау процесіндегі қауіпті оқиға.
2. Этимологиясы: авиация (еж. үндіеур. awi; лат. avi; фр. aviation) - "құс".
3. Өзбек: aviatsiya halokati
4. Түрік: havacılık kazası
5. Ағылшын: aviation disaster
6. Неміс: Flugzeugabsturz
7. Бекітілген нұсқасы: авиационная поддержка - авиациялық қолдау (2020)
8. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 334 қаулысы. ... авиациялық іздестіру-құтқару қызметтері ... ... апатқа ұшырау жағдайындағы адамдар үшін ...
9. Ұсыныстар: "авиациялық апат" терминдік тіркесі заңнамалық құжатта кездеспеді, жеке термин ретінде қолданыста бар. Басқа тілдегі қолданысты ескере отырып, "авиациялық апат" терминін бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+5
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
IT саласындағы терминдерге қатысты ұсыныстар
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.ХакерЖелі бұзушы
2.Антенна бегущей волныБойлаған толқын жимасы
3.аварийное завершение задачиӘрекеттің апаттық аяқталуы
  • Хакер – (инф.) компьютерлік құқық бұзушы, керекті мәліметтерді алу, оларды вируспен зақымдау және т.б. мақсатта өз компьютерінің көмегімен банктердің, қаржылық, өндірістік және басқа да мекемелердің ақпараттық желілеріне енетін адам. Қазақ Толығырақ ...тілінің кірме сөздер сөздігі / Құрастырғандар: Ш. Құрманбайұлы, С.Исақова, Б.Мизамхан және т.б. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 596 б.
    Хакер – (сөзбе-сөз «бұзушы») деректерді ұрлау, бұрмалау немесе бүлдіру мақсатымен бағдарламалық жасақтамаға басып кіретін пайдаланушы. Хакердің әрекеттері заңмен қудаланады. Г. Ильясова. Орысша-қазақша терминологиялық анықтамалық сөздік (ақпараттық жүйе саласы).– Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту орталығы, 2010. –312 б.

    1. Хакер – хакер (Іс жүргізу және мұрағат ісі)
    2. Хакер – хакер (Заңтану)

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Кейбір IT терминдердің аудармасы бойынша ұсыныс [2].
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.traveling-wave antenna / антенна бегущей волныкезбе толқын антеннасы
2.адрес электронной почтаэлектронды пошта мекенжайы
3.администрирование базы данныхдеректер базасын басқару
4.адаптивное дистанционное обучениебейімделген қашықтан оқыту
  • 1. Электрондық пошта – электронная почта (2004 жылы бекітілген термин)
    2. Электрондық пошта – электронная почта (2022 жылы бекітілген термин)
    3. Мекенжай – адрес (2006 жылы бекітілген термин)

    4. Деректер базасын әкімшіліктеу – Толығырақ ...Администрирование базы данных (Информатика және есептеуіш техника)
    5. Әкімшілік ету – администрирование (2016 жылы бекітілген термин)
    6. Әкімшіліктендіру – Администрирование (Информатика және есептеуіш техника)
    7. Басқару – управление (2023 жылы бекітілген термин)
    8. Деректер базасын басқару – Управление базой данных (Информатика және есептеуіш техника)

    9. Қума толқын антеннасы – Антенна бегущей волны (Информатика және есептеуіш техника)
    10. Қума толқын – бегущая волна (2018 жылы бекітілген термин)
    11. Қума толқын – Волна бегущая ( Механика және машинатану)
    12. Кезбе толқын – блуждающая волна (Электроника, радиотехника және байланыс)

    13. Бейімді оқыту – Адаптивное обучение (Информатика және есептеуіш техника)
    14. Бейімделгіш қашықтан оқыту жүйесі – Адаптивное дистанционное обучение (Информатика және есептеуіш техника)
    15. Бейiмдi мәдениет – культура адаптивная (2018 жылы бекітілген термин)
    16. Бейімді басқару – адаптивное управление (2021 жылы бекітілген термин)
    17. Бейімделгіш қанат – адаптивное крыло (2021 жылы бекітілген термин)
    18. Бейімділік – адаптивность (2019 жылы бекітілген термин)
    19. Бейімдік оптика – адаптивная оптика (2018 жылы бекітілген термин)

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Кейбір IT терминдердің аудармасы бойынша ұсыныс.
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.Plug-and-Play technologyЕнгізу-қолдану технологиясы
2.аварийное завершение задачи/system crashжүйелік апат
3.two-out-of-five codeбестен екі коды
4.игнорированиеигнорлау/ескермеу
5.адаптер локальной сетилокал желі бейімдегіші/адаптері
6.аппаратное обеспечениеаппараттық қамтым/қамту
  • 1. Елемеу – Игнорировать (Пән сөздері)
    2. Ескермеу, елемеу – Игнорировать (Электроника, радиотехника және байланыс)
    3. Елемеу, ескермеу – Игнорирование (Әскери іс)
    4. Ескермеу, елемеу – Игнорирование (Философия және саясаттану)
    5. Елемеушiлiк – игнорирование Толығырақ ...(Іс жүргізу және мұрағат ісі)
    6. Жергілікті желі – локальная сеть (2021 жылы бекітілген термин)
    7. Төңіректі тор бейімдеуіші – Адаптер локальной сети (Информатика және есептеуіш техника)
    8. Ақпараттық интерфейс бейімдеуіші – адаптер информационного интерфейса (2015 жылы бекітілген термин)
    9. Телемәтін бейімдеуіш (байланыс) – Адаптер телетекста (2004 жылы бекітілген термин)
    10. Бейімдеуіш – Адаптер (Терминдер 2012-2015)
    11. Жергілікті желі бейімдеуіші
    12. Аппараттық қамтым – Аппаратное обеспечение (Информатика және есептеуіш техника)
    13. Аппаратты қамтамасыз ету – Обеспечение аппаратное (Электроника, радиотехника және байланыс)
    14. Аппараттық жабдық – аппаратное оборудование (2023 жылы бекітілген термин)
    15. Аппараттық жасақтама (Информатика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық./ Г.И.Салғараева, Ж.Б.Базаева, А.С. Маханова – Нұр-Сұлтан: «Арман-ПВ» баспасы, 2020. – 272 бет.
    16. Апатты аяқтау – Аварийное завершение (Информатика және есептеуіш техника)
    17. Аяқтау – Завершение (Информатика және есептеуіш техника)
    18. Жүйедегі іркіліс – сбой системы, system crash
    19. «Плаг энд плей» технологиясы деп қалдырған жөн. Сәтті баламасы болмаған жағдайда, қазақша ұзын атаумен термин қалыптаспайтынын ескерген дұрыс.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

ТЕК ТЕРМИНКОМ МҮШЕЛЕРІ ҒАНА ДАУЫС БЕРЕ АЛАДЫ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ 2023 ЖЫЛҒЫ IV ОТЫРЫСЫНДА БЕКІТІЛЕТІН ТЕРМИНДЕРІ

САЛАСЫ ТЕРМИН САНЫ РЕТТІК САНЫ
1 2023 жылғы 3-отырыста пысықтауға жіберілген терминдер 72 1-72
2 ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұсынған терминдер 4 73-76
3 БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұсынған терминдер 39 77-115
4 Қоғамдық тамақтану саласының терминдері 116 116-231
5 Биология саласының терминдері (мектеп оқулықтары бойынша) 634 232-865
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.айс-кримайс-крим сусыны, балмұздақ сусын
айс-крим
айс-крим сусыны, балмұздақ сусын
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Айс-крим, балмұздақты сусын – балмұздақ негізінде дайындалған сусын.
2. Этимологиясы: ағылшын ice cream – «мұз крем»
3. Әзербайжан: ays-krim
4. Қырғыз: айс-крим
5. Өзбек: ays-krim
6. Түрік: ıce creem
7. Ағылшын: ice cream
8. Испан: Ice Cream
9. Неміс: eis-Krim
10. Француз: Ice Cream
11. Бекітілген нұсқасы: –
12. Заңнамадағы қолданысы: –
13. Ұсыныстар: бекітілген терминдер қатарында жоқ. Заңнама мәтінінде қолданыс таппаған. Біздің ұсынысымыз: «балмұздақ сусын»
Рейтинг
+8
2.армированная колючая лента, егоза; колючая проволока (лента) егоза армирленген тікенекті таспа, егоза; тікенек сым
армированная колючая лента, егоза; колючая проволока (лента) егоза
армирленген тікенекті таспа, егоза; тікенек сым
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Егоза - арқауланған тікенді таспа (АКЛ). Сыртқы жағынан, бұл өткір ілмектері бар қалың сымнан жасалған кенеп.
Егоза - беймаза, тым қозғалмалы адам, фиджет (әдетте балалар туралы).
2. Этимологиясы: укр. ягоза́, єгоза́ - «непоседа», лат. аггао - "қарулану, нығайту"
3. Әзербайжан: gücləndirilmiş tikanlı lent, egoza
4. Қырғыз: армирленген тикендүү лента, егоза
5. Өзбек: mustahkamlangan tikanli lenta, Egoza
6. Түрік: takviyeli dikenli kurdele, heroza
7. Ағылшын: reinforced barbed tape, egoza
8. Испан: cinta de púas reforzada, egoza
9. Неміс: verstärktes Stachelband, egoza
10. Француз: ruban barbelé renforcé, egoza
11. Бекітілген нұсқасы: таспа - лента (2021)
12. Заңнамадағы қолданысы: Сыртқы қоршаудың жоғарғы жиегіне сымнан қосымша «егоза» түріндегі «күнқағар» орнатылады.
(ҚР ЭМ 29.07.2021 ж. №247 бұйрығы)
13. Ұсыныстар: "армирленген тікенекті таспа" нұсқасы ұсынылады.
Рейтинг
-4
3.угловое увеличение инструментааспаптың бұрыштық ұлғайтуы, құралдың бұрыштық кеңеюі
угловое увеличение инструмента
аспаптың бұрыштық ұлғайтуы, құралдың бұрыштық кеңеюі
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Аспаптың бұрыштық үлкейтуі – нәрсені оптикалық аспап арқылы бақылаған кездегі көру бұрышының құралсыз көбен қараған кездегі көру бұрышына қатынасы.
2. Этимологиясы: –
3. Әзербайжан: alətin açısal böyüdülməsi
4. Қырғыз: куралды бурчтук чоңойтуу
5. Өзбек: asbobning burchak kattalashishi
6. Түрік: aletin açısal artışı
7. Ағылшын: angular magnification of the tool
8. Испан: ampliación angular de la herramienta
9. Неміс: winkelvergrößerung des Werkzeugs
10. Француз: agrandissement angulaire de l'outil
11. Бекітілген нұсқасы: бұрыштық орын ауыстыру - угловое перемещение (2023), ұсынысты молайту - увеличение предложения (2017)
12. Заңнамадағы қолданысы: -
13. Ұсыныстар: "құралдың бұрыштық кеңеюі" деген атауды ұсынамыз.
Рейтинг
-2
4.переменный спредауыспалы спред, айнымалы, ауыспалы айырмашылық, ауыспалы спред
переменный спред
ауыспалы спред, айнымалы, ауыспалы айырмашылық, ауыспалы спред
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Ауыспалы спред – кез-келген активті (акцияға, тауарға, валютаға, фьючерстерге, опционға) бір уақытта сату мен сатып алудағы ең жақсы бағалары арасындағы айырмашылық. Ал ауыспалы спрэд сауда көлемі сияқты экономикалық оқиғаларға байланысты өзгеріп отырады.
2. Этимологиясы: ағыл. spread - «жағу, созу»
3. Әзербайжан: dəyişən yayılma
4. Қырғыз: өзгөрүлмө жайылуу
5. Өзбек: o'zgaruvchan tarqalish
6. Түрік: değişken yayılma
7. Ағылшын: variable spread
8. Испан: spread variable
9. Неміс: floating Spread
10. Француз: propagation flottante
11. Бекітілген нұсқасы: –
12. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы жол учаскесі] [Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама – 4-жоба) қол қою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 4 маусымдағы №92 Жарлығы және төмендегімен ауыстырылды: (а) Жаңа қарыздарға қолданылатын тіркелген спредтің төмендетілетіні туралы АДБ-ның әрбір хабарламасынан кейін...
13. Ұсыныстар: жоғарыда берілген талдауларды басшылыққа ала отырып, орыс тіліндегі "переменный спред" деген сөзді "ауыспалы спред" деп алып, термин сөз жасау табиғатына сәйкестендіріп (переменный-ауыспалы, айнымалы, өзгермелі «ауыспалы» нұсқасы сөз қолданыста мағынаны тура беріп тұрғандықтан алынды) бір ғана нұсқада ұсынамыз.
Рейтинг
-6
5.горькая заправкаащы асқатық
горькая заправка
ащы асқатық
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Ащы асқатық – тағамның дәмін келтіруге қажетті өткір дәмді дәмдеуіштер.
2. Этимологиясы: –
3. Әзербайжан: acı sousu
4. Қырғыз: ачуу аскаттык
5. Өзбек: Slayd yonilg'i quyish
6. Түрік: acı sosu
7. Ағылшын: bitter dressings
8. Испан: amargo aderezos
9. Неміс: bittere soße
10. Француз: amer sauce
11. Бекітілген нұсқасы: –
12. Заңнамадағы қолданысы: –
13. Ұсыныстар: бекітілген терминдер қатарында жоқ. Заңнама мәтінінде қолданыс таппаған. Біздің ұсынысымыз: «ащы асқатық»
Рейтинг
+15
6.острый соусащы тұздық, өткір тұздық
острый соус
ащы тұздық, өткір тұздық
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Ащы тұздық – тұздық, оның негізі қызыл бұрыш немесе әдетте капсаициндер тудыратын ащы дәмі бар бұрыштың басқа сорттары.
2. Этимологиясы: лат. salsa – «тұзды тағамдар»
3. Әзербайжан: isti sous
4. Қырғыз: ысык соус
5. Өзбек: issiq sous
6. Түрік: acı sos
7. Ағылшын: hot sauce
8. Испан: picante
9. Неміс: scharfe Soße
10. Француз: sauce piquante
11. Бекітілген нұсқасы: –
12. Заңнамадағы қолданысы: –
13. Ұсыныстар: «Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет» сөздігінде «ащы соус, өткір соус» нұсқаларында қолданылған. «Ащы тұздық» нұсқасын қолдаймыз.
Рейтинг
+13
7.цифровизация по умолчаниюбастапқы нұсқа бойынша цифрландыру
цифровизация по умолчанию
бастапқы нұсқа бойынша цифрландыру
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Бастапқы нұсқа бойынша цифрландыру – мемлекеттік органдардың азаматтармен, бизнеспен және бір-бірімен цифрлық форматта жан-жақты өзара іс-қимыл жасауының басымдығы.
2. Этимологиясы: лат. cifra, ар. صفر [ṣifr] – «бос, нөл».
3. Әзербайжан: varsayılan rəqəmsallaşdırma
4. Қырғыз: демейки санариптештирүү
5. Өзбек: sukut bo'yicha raqamlashtirish
6. Түрік: varsayılan sayısallaştırma
7. Ағылшын: digitalization by default
8. Испан: digitalización por defecto
9. Неміс: standard-Digitalisierung
10. Француз: numérisation par défaut
11. Бекітілген нұсқасы: цифровизация – цифрландыру (2018), использовать по умолчанию - әдепкілік қолдану (ақпараттық технология) (2006)
12. Заңнамадағы қолданысы: цифровизация по умолчанию - бастапқы бойынша цифрландыру; цифровизация по умолчанию - әдепкі қалпы бойынша цифрландыру.
13. Ұсыныстар: орыс тілінен енген цифровизация по умолчанию сөз тіркесінің қазақ тіліндегі баламасы бекітілмеген. Тек цифровизация және использовать по умолчанию сөз тіркесі цифрландыру және әдепкілік қолдану деп жеке-жеке бекітілген. Заңнамада бұл сөз тіркесінің мынадай аудармалары қолданылуда: бастапқы бойынша цифрландыру, әдепкі қалпы бойынша цифрландыру. Бекітілген терминдер сөздігіндегі жеке нұсқаларын, заңнамадағы қолданысын және терминологиялық сөздіктердегі аудармаларын және осы терминнің анықтамасын негізге алсақ, цифровизация по умолчанию сөз тіркесінің әзірше қазақ тілінде "бастапқы нұсқа бойынша цифрландыру" деп қолданылғанын дұрыс деп ойлаймыз.
Рейтинг
-3
8.видеосигналбейнесигнал
видеосигнал
бейнесигнал
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Бейнесигнал – теледидарда радиолокацияда факсимилді байланыста бейнені құру үшін пайдаланылатын ауқымды спектрі бар (әдетте, бірнеше Гц-тен бірнеше МГц-ке дейін) электр сигналы.
2. Этимологиясы: лат. signale – “белгі”
3. Әзербайжан: video siqnal
4. Қырғыз: видео сигнал
5. Өзбек: video signal
6. Түрік: video sinyali
7. Ағылшын: video signal
8. Испан: señal de vídeo
9. Неміс: videosignal
10. Француз: signal vidéo
11. Бекітілген нұсқасы: видеокард - видеокарта (2023), аналогті сигнал - аналоговый сигнал (2022)
12. Заңнамадағы қолданысы: -
13. Ұсыныстар: "белгібейне" немесе "бейнебелгі" деген атауларды ұсынамыз.
Рейтинг
+7
9.односторонние пределыбіржақты шектер
односторонние пределы
біржақты шектер
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Біржақты шектер – функцияның оңжақты шегі мен солжақты шегінің жалпы атауы.
2. Этимологиясы: –
3. Әзербайжан: birtərəfli məhdudiyyətlər
4. Қырғыз: бир тараптуу чектөөлөр
5. Өзбек: bir tomonlama chegaralar
6. Түрік: tek taraflı limitler
7. Ағылшын: unilateral limits
8. Испан: límites unilaterales
9. Неміс: einseitige Grenzen
10. Француз: limites unilatérales
11. Бекітілген нұсқасы: –
12. Заңнамадағы қолданысы: –
13. Ұсыныстар: жоғарыда берілген аудармаларды басшылыққа ала отырып, «біржақты шектер» нұсқасын қолдаймыз.
Рейтинг
+12
10.гальванический элементГалвани элементі
гальванический элемент
Галвани элементі
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Гальваникалық элемент – электролиттегі екі металдың немесе олардың тотықтарының өзара әсерлесуіне негізделген электр тогының химиялық көзі.
2. Этимологиясы: Итальян ғалымы Л.Гальванидің құрметіне аталған.
3. Әзербайжан: qalvanik element
4. Қырғыз: гальваникалык элемент
5. Өзбек: galvanik element
6. Түрік: galvanik eleman
7. Ағылшын: galvanic element
8. Испан: elemento galvánico
9. Неміс: galvanisches element
10. Француз: élément galvanique
11. Бекітілген нұсқасы: ағын элементі - элемент потока (2023)
12. Заңнамадағы қолданысы: "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлерінің таңдау курстарының үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 қарашадағы №467 бұйрығы. Мысалы: гальваникалық элементтер.
13. Ұсыныстар: "Гальваний элементі" деген атауды ұсынамыз.
Рейтинг
+13
11.голубцыголубцы
голубцы
голубцы
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Голубцы – көбінесе күріш қосылған фарш және қырыққабат жапырағынан дайындалатын тағам түрі.
2. Этимологиясы: сербхорв. голу̀биħ – «тұшпара»
3. Әзербайжан: kələm rulonları
4. Қырғыз: капуста түрмөктөрү
5. Өзбек: hammayoqni rulonlari
6. Түрік: lahana ruloları
7. Ағылшын: cabbage rolls, golubtsy,
8. Испан: golubtsí,rollos de col
9. Неміс: Kohlrouladen
10. Француз: goloubtsy, rouleaux de chou
11. Бекітілген нұсқасы: –
12. Заңнамадағы қолданысы: Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда №11442 болып тіркелді.
... Ет қосылған екiншi тағамдар (голубцы, iшiне фарш салынған бұрыш, тефтели, құймақтар)...
13. Ұсыныстар: «Тамақ өнеркәсібі және тұрмыстық қызмет» сөздігінде «голубцы» деп алынған, осы нұсқаны бекіту ұсынылады.
Рейтинг
+10
12.энергетическое сияние теладененің энергетикалық жарқырауы
энергетическое сияние тела
дененің энергетикалық жарқырауы
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Дененің энергетикалық жарқырауы – температурасы Т дене бетінің бірлік ауданы арқылы барлық бағытта барлық жиіліктер диапазонында таралатын энергияның сәулелену уақытына қатынасына тең физикалық шама.
2. Этимологиясы: еж. грек ἐνέργεια - «әрекет, қызмет, қуат», ἐν (нұсқалары ἐγ-, ἐλ, ἐμ-) «в» + ἔργον «іс, жұмыс».
3. Әзербайжан: bədənin enerji parıltısı
4. Қырғыз: дененин энергетикалык жарыгы
5. Өзбек: tananing energiya porlashi
6. Түрік: vücudun enerjik ışıltısı
7. Ағылшын: energy radiance of the body
8. Испан: resplandor energético del cuerpo
9. Неміс: die energetische ausstrahlung des körpers
10. Француз: éclat énergétique du corps
11. Бекітілген нұсқасы: полюстік шұғыла - полярное сияние (2018)
12. Заңнамадағы қолданысы: -
13. Ұсыныстар: "дененің энергетикалық нұры" деген атауды ұсынамыз.
Рейтинг
+4
13.дифференциальное исчислениедифференциалдық есептеу
дифференциальное исчисление
дифференциалдық есептеу
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Дифференциалдық есептеу – зерттеу үшін туындыны қолданатын математикалық талдау.
2. Этимологиясы: Дифференциа́л (от лат. differentia) – әрқилы, әртүрлі мағынада қолданылады.
3. Әзербайжан: diferensial hesab
4. Қырғыз: дифференциалдык эсептөө
5. Өзбек: differensial hisob
6. Түрік: diferansiyel hesap
7. Ағылшын: differential calculus
8. Испан: calculo diferencial
9. Неміс: Differentialrechnung
10. Француз: calculs différentiels
11. Бекітілген нұсқасы: дифференциал (2022), есептеу (қаржы.) (2010)
12. Заңнамадағы қолданысы: –
13. Ұсыныстар: темин бекітілмегендіктен, жоғарыда берілген аудармаларды басшылыққа ала отырып, "дифференциалдық есептеу" нұсқасын ұсынамыз.
Рейтинг
+10
14.вектор нормали плоскостижазықтық нормалының векторы
вектор нормали плоскости
жазықтық нормалының векторы
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Жазықтықтың нормал векторы – берілген жазықтыққа перпендикуляр жатқан вектор.
2. Этимологиясы: normal: кейінгі лат. normalis "ережеге сәйкес, қалыпты", классикалық латын тілінде "ағаш ұстасы шаршысына сәйкес жасалған", norma "ереже, үлгі", vector: лат. vector "тасымалдаушы немесе көлік" (сонымен қатар "жүргінші адам"), зат есім-өткен шақ vehere "тасымалдау, тасу "(*wegh түбірінен - "көлікте жүру, тасымалдау") арқылы жасалған, plane: лат. planum "тегіс бет, еден, жазық".
3. Әзербайжан: təyyarə normal vektoru
4. Қырғыз: тегиздиктин нормалдуу вектору
5. Өзбек: tekislik normal vektori
6. Түрік: düzlemin normal vektörü
7. Ағылшын: normal vector of a plane
8. Испан: vector plano normal
9. Неміс: flugzeug normal vektor
10. Француз: vecteur normal du plan
11. Бекітілген нұсқасы: вектор – вектор (2018), векторлы талдау (математика) – анализ векторный (2015)
12. Заңнамадағы қолданысы: "Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 123 бұйрығы. Мысалы, Жазықтықтағы векторды екі коллинеар емес векторлар бойынша жіктеу.
13. Ұсыныстар: "жазықтықтың нормал векторы" деген атауды қалдыруды ұсынамыз.
Рейтинг
-3
15.всеохватный ростжаппай қамтуышы өсу, жаппай қамтушы өсім, барлығын қамтитын өсу
всеохватный рост
жаппай қамтуышы өсу, жаппай қамтушы өсім, барлығын қамтитын өсу
Саласы
Этимологиясы
Дефинициясы1. Барлығын қамтитын өсу – бұл адамдарға экономикалық өсуге көмектесуге және оның артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік беретін, оның әл-ауқатын көтеру үшін қоғамда материалдық және материалдық емес игіліктер әділ бөлінетін экономикалық өсу» ретінде айқындалады.
2. Этимологиясы: –
3. Әзербайжан: hərtərəfli böyümə
4. Қырғыз: ар тараптуу өсүш
5. Өзбек: to'liq o'sish
6. Түрік: kapsamlı ekonomik artış
7. Ағылшын: comprehensive growth
8. Испан: crecimiento integral
9. Неміс: umfassendes wachstum
10. Француз: croissance intégrée
11. Бекітілген нұсқасы: духовный рост - рухани өсу (2018)
12. Заңнамадағы қолданысы: 2015 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық инвестициялық банк арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты экономикалық дамуына жәрдемдесу мақсатындағы өзара түсіністік туралы меморандумның қолданылу мерзімін ұзарту туралы хаттамаға қол қою туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №845 қаулысы. Мысалы: экономикалық әртараптандыру, тұрақты даму және барлығын қамтитын өсу мәселелері бойынша ынтымақтастықты жалғастыру мақсатында мыналар туралы келісті.
13. Ұсыныстар: жоғарыда берілген талдауларды басшылыққа ала отырып, «жаппай қамтуышы өсу, жаппай қамтушы өсім» нұсқаларындағы өсім сөзінің екінші бір мағынасы процент - пайыздық үстемақы деген мағынада қолданылады, сондықтан бұл нұсқаның орнына «барлығын қамтитын өсу» нұсқасын ұсынамыз.
Рейтинг
-2
Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Чебурек пе, шибөрек пе?
Чебурек-өзбек асханасының ұлттық тағамы. Біздің тілімізге бейімдеп, бұл ұн тағамына қазақша атау беру орынды. Қазақта «ши бауырсақ» деген бар. Кішігірім майға қуырып жасайтын нан тағамы. Осыны Толығырақ ...ескере отырып, «чебурек» сөзін «шибөрек» деп аударған дұрыс секілді. Себебі бұл да кішігірім майға қуырып жасалатын тағам болғандықтан, осы атау лайық сынды. Сонда мәзірде «Сиыр етінен жасалған шибөректер», «ірімшік қосылған шибөректер» деп қолданылса, тілімізде де әдемі үйлесімін табар еді.
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.ЧебурекШибөрек
Усенов Нурлан, Abdikarim, Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
  • Қалиакбар Үсемхан 6 ай бұрын

    Менше бұл екі атау да үйлесіміз. Сіз ұсынып отырған "Шибөрек" атауы ағылышын тіліндегі "Chebureki" сөзін тізеге салып аударып алған атау. Бұл шын мәнінде майға қуырған тұшпара(тұшпарадан үлкендеу) сияқты тағам. Менше Толығырақ ...оны "Майбүрме" деп алған дұрыс деп ойлаймын. Қазақта май шелпек деген атау бар ғой.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Сіздердің назарларыңызды «экссудат" терминіне аударғым келеді. Қарапайым халыққа ұғынықсыз бұл сөздің қазақша аудармасын медицина қызметкерлерінің өзі де түсінбейді. Ең алдымен бұл сөздің анықтамасына назар аударайық. Экссудат - ағзаның кез келген Толығырақ ...бөлігінде қабыну процесі кезінде бөлінетін сұйықтық не қанды бөлініс. Оны "жалқық» деп атаған екен. Оңтүстік-шығыста қолданылатын бұл диалект сөздің терминнің баламасы ретінде қолданылуы орынсыз деген пікірдемін. Қанды бөлініс, сұйықтық деп аударуға әбден болатын еді.
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.экссудатжалқық/қанды бөлініс, сұйықтық
Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
  • Экссудат – экссудат, жалқақ, ісіну сұйықтығы. Қазақша атауы болғанымен, медицина саласының мамандарымен ақылдасқан жөн.
    Жалқақ (lat: Jalqaq) – з а т. с ө й л. Жалқаяқ (көлкілдеп тұратын сұйқылтым жалқылдаған нәрсе). Толығырақ ...Жамбасымдағы жараның ішін жалқақ ірің кеулеп, ыстығым күрт көтеріліп кетті де, басымды көтере алмай төсек тартып тағы да жатып қалдым (З.Жәкенов, Қайта айналып.). Дерттің көзі жарылып кеткен соқыр ішек боп шықты. Іш қуысы тола жалқақ ірің (С.Ғаббасов, Өскен ұя).
    Қинала бастағанын анық сезді.
    Көзінің үстін тағы сүртті.
    Тер емес, қан жұққандай болды,
    Жылымшы жалқақ бірдеме (Д.Досжанов, Жусан.).
    Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 5-том. / Құраст.: Б.Әбілқасымов, С.Бизақов, Ә.Жүнісбеков және т.б. – Алматы, 2011. -752 б.

    Экссудаттар. Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 27 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37 бұйрығы; Амбулаториялық жағдайлардағы мамандандырылған медициналық көмекке енгізілген диагностикалық көрсетілетін қызметтердің, оның ішінде зертханалық диагностиканың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №ҚР ДСМ-221/2020 бұйрығы.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Өте жақсы аударма, «часпик" деген "қауыртшақ» деп тілде көрініс тапса жақсы болар еді,
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.час пикқауыртшақ
Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
  • Илмира 7 ай бұрын

    қарбалас сәт

  • Оңды аударма ұсынып отырсыз. “Қауыртшақ” деген ұсынысыңыз “Час пик” терминінің мағынасына сай екендігімен келісуге болады. Қауырт — жаппай, кенет, тез, асығыс, тез арада. Шақ — уақыт өлшемі, мезгіл, мезет, кез.

    Дегенмен Толығырақ ...заңнамада осы терминнің мынадай баламасы бар екенін ескерейік:
    “қарбалас" сағаты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 қаулысы

    “қауырт” сағаттар. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылдың 26 наурыздағы № 349 бұйрығы

    Ұсыныстар мен заңнамадағы қазақша атауының негізінде мағынасына сәйкес келетін бір нұсқасын ғана қалдырған жөн.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.
Қазіргі кезеңде ұлт тілінде термин жасаудың жанданып жатқаны белгілі. Қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруды көздесек, әр сала терминдеріне қазақша балама тауып қана қоймай, сол сала қызметкерлері мен жалпақ жұртқа ұғынықты, Толығырақ ...терминнің мәнін анық ашатын атау ұсынғанымыз абзал. Сондай-ақ, бірнеше нұсқалылық деген мәселеден де арылуымыз қажет. Бір термин, бір балама нұсқасы болуы шар. Мәселен, медицинадағы симптом сөзін алайық. Медициналық жетекші кітаптарды ашып қарасақ, әйгілінім деп аударылғанын көреміз. Дұрысы, «ауру белгісі" болуы қажет деп ойлаймын. Себебі, "сыртқы белгі» десек, ал сөздіктерде солай берілген, аурудың ішкі белгісі де болатыны ескерілмей қалады.
#Орысша нұсқасыҚазақша нұсқасыРейтинг
1.симптомауру белгісі
Ерболат Ғалымжанұлы Асылбеков
  • Осы терминнің қазақша атауы «симптом» деп бекітілген екен. Бекітілген қазақша атауы мен медицина категориясындағы нұсқасына сәйкес «Симптом» деп қалдырған жөн. Элиминациялаушы симптом – элиминирующий симптом (2022 жылы бекітілген термин), психикалық Толығырақ ...симптомдар – психические симптомы (2022 жылы бекітілген термин).

    Симптом (lat: simptom, грек. symptōma) з а т. м е д. Аурудың не бір құбылыстық сыртқы белгісі, нышаны. Азия обасының с и м п т о м ы ертедегі санскриттік кітаптарда өте айқын жазылған (Жұқпалы. ауру). – Көрдіңіз ғой, неврологиялық орталықта да, шеткері нервте де нормадан ауытқыған с и м п т о м жоқ (Е.Оразақов, Дәрігер.). Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 13-том / Құраст. А. Фазылжанова, Н. Оңғарбаева, Қ. Ғабитханұлы және т.б. - Алматы, 2011. - 752 б.

    Симптом (lat: Sımptom) – Аурудың белгісі. Орысша-қазақша ветеринарлық сөздік / Джанабеков К., Джанабекова Г.К. – Алматы, «Сөздік-Словарь», 2013, - 288 бет.

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.

Барлық қатысушылар

Ескерту! Хабарлама қалдыру үшін сайтқа кіру керек.